Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

Qazaqnovel.kz — қазақша веб-новеллалар, әңгімелер мен романдар оқу

Фантастика · Комедия · Хоррор · Романтика

Қиялыңа қалам бер

Мұнда кез келген адам автор бола алады

Кеңес береміз

Редакция таңдауы

Жетінші есім dala

10 бөлім · 56 оқылым · аяқталды

Он екі жыл бұрын әкесін жерледік деп сенген Зере бір түнде оның етігін босағадан таниды. Ауылға су берген көне келісімнің мерзімі біткен: жұрт қарызға бір жан беру керек дейді, ал теріге тігілген шарттан жетінші есім кесіліп тасталған. Әкесін қорғап жер астына түскен қыз сол есімді қайтару өз ауылын сусыз қалдыруы мүмкін екенін біледі.

Жаңа бөлімдер

Барлығы

Оқылып жатыр

Барлығы
  • «"Өшпес махаббат"» мұқабасы

    Романтика Аяқталды

    "Өшпес махаббат"

    Өткен дәуірге тап болған Мақпал тылсым құпиялар мен қауіпті оқиғаларға толы әлемде өз жолын іздейді. Жаңа достар мен оянған сезімдер оны тағдырдың жұмбағын шешуге және жүрек қалауын тыңдауға жетелейді.

  • «Көлеңкесін жоғалтқан дала» мұқабасы

    Фэнтези Аяқталды

    Көлеңкесін жоғалтқан дала

    Қазақ даласында адамдардың көлеңкесі жоғалып, жұрт жақындарын, туған жерін, тіпті өз есімін ұмыта бастайды. Қарындасынан айырылған жас қобызшы Аңсар оның қабырғада қалған көлеңкесіне еріп, жер астындағы дүниеге аттанады. Бірақ әр қадамы үшін өз естеліктерімен төлеуге мәжбүр болады. Қарындасын тапқанша оны не үшін іздеп жүргенін ұмытып кетпей ме?

  • «51а» мұқабасы

    Шытырман

    51а

    Адамдар тозақ туралы да жұмақ туралы да ойлайды. Жұмаққа түсуге асығады. Өйткені өздерін жақсымын деп ойлайды. Бірақ барлық адамдарға берілген тауқымет бірдей ме? Ол жағы белгісіз. Әркім өмірге әрқалай бейімделеді. Әртүрлі сынақтан өтіп құлайды. Бір ғана Құдай бар ма жоқ па белгісіз, әркім өздері үкім шығарып алады. Осындай кезде бір уақыт белдеуінде бейтаныс адамдармен кездескен Ұлан тозақ пен жұмақ арасында осы дүниеге жету үшін "51а" автобусында ойын ойнайды...

  • «Жезтырнақ» мұқабасы

    Хоррор Аяқталды

    Жезтырнақ

    Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі ең қорқынышты кейіпкерлердің бірі — Жезтырнақ. Ол әлі де бар ма? Жұрт оны баяғыда ұмытылған аңыз деп ойлайды. Алайда шағын ауылдағы ескі үй мен бір жасөспірім қыз ғасырлар бойы жасырылып келген Жезтырнақтың құпиясын ашуға себеп болды.

  • «Бақсы» мұқабасы

    Хоррор Аяқталды

    Бақсы

    «БАҚСЫ» повесі оқырманды тылсым құбылыстар мен жұмбақ оқиғалар әлеміне жетелей отырып, ақиқаттың уақыт өте көмескіленгенімен, біржола жоғалмайтынын ұғындырады. Шығармада қорқыныш пен сенім, сатқындық пен адалдық, махаббат пен жанкештілік, өткеннің аманаты мен ұрпақ алдындағы жауапкершілік мәселелері көркем өрнектеледі. Сонымен қатар туынды ұлттық дүниетанымдағы бақсылық дәстүрдің мәніне үңіліп, халық жадындағы рухани мұраға жаңаша көзқараспен қарауға үндейді.

  • «Жеті тыйым» мұқабасы

    Хоррор Аяқталды

    Жеті тыйым

    Әжесі дүниеден өткен соң, Арман ескі үйден жеті тыйым жазылған дәптерді тауып алады. Әр тыйымның астарында әулеттің талай жылдан бері жасырған құпиясы мен Қара үйге байланысты үрейлі оқиғалар жатыр. Арман өткеннің есігін ашқан сайын, өз өмірінің де бөтен біреуге тиесілі болуы мүмкін екенін сезіне бастайды.

Бір бөлім

Барлығы
  • «АУЫЛДАН ЕУРОПАҒА» мұқабасы

    Шытырман

    АУЫЛДАН ЕУРОПАҒА

    «Ауылдан Еуропаға» — балалық шақтың сағынышын, достықтың беріктігін, білімнің құдіретін және арман жолындағы күресті тоғыстырған шытырман оқиғалы роман. Бұл — әлемді тануға ұмтылған қыздың ғалымға айналып, туған еліне пайдасын тигізу жолындағы әсерлі тарихы. Кейде ең үлкен жаңалықты ашу үшін әлемді шарлау керек. Ал кейде сол жаңалықтың бастауы бала күніңде терезеңнен көрінген тауда жатады.

  • «Оралып-Көрер» мұқабасы

    Фэнтези

    Оралып-Көрер

    1999 жылының соңында, жаңа заман басталғалы тұрып, дүниежүзіне жүздеген алып ғимарат бітті; әр ғимараттың іші, онсыз да, алып сыртқы көріністен есепсіз кең. Мұндай бір ғимарат Қазақстандағы Барсакелместің дәл үстіне шығып, 5 шақырымдай өріс қамтып, 15 қабаттай биік көрініп тұрды. Мұ оқиға соның ішін кезіп қыр-сырын ашпақшы болған бір бикенің бастан кешкен хәлдерін баян етпек.

  • «Айтылмаған махаббат» мұқабасы

    Романтика Аяқталды

    Айтылмаған махаббат

    Екі дос бір қызға ғашық болса да, көпжылдық достығын сақтап қалу үшін сезімдерін іште қалдырады. Арада жеті жыл өткенде тағдыр оларды қайта кездестіреді. Бірақ кейбір махаббаттар айтылмаса да, жүректе мәңгі сақталады.

  • «Кең шиыр» мұқабасы

    Балалар Аяқталды

    Кең шиыр

    Шығармада автор бала күнгі естеліктері арқылы қазақ даласының тынысын, малшы тіршілігінің ерекшелігін, туған жердің қадірін суреттейді. Әсіресе әке мен бала арасындағы үнсіз түсіністік, даланың ортасында өрілген тағылымды әңгімелер мен өмірлік сабақтар туындының негізгі өзегіне айналған.

  • «IGNOTUM AMOREM» мұқабасы

    Романтика Аяқталды

    IGNOTUM AMOREM

    Ignotum amorem – біз сезімнің бар екенін кеш ұғынатын, болмаса сезімді білдіруге кеш қалатын өмірдің ащы шындығы. Сезімге батылдық жетпеген жерде өкініш өмір бойы серік болады...

Авторлар

Байқаулар

Барлығы

Тегтер

Каталог

Танымал тегтер